Бас имам Хромтау ауданына іс-сапармен барды 747

Бас имам Хромтау ауданына іс-сапармен барды

21 тамыз 2021 204 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы іс-сапар 6 аудан ретінде Хромтау ауданымен жалғасын тапты.

Іс-сапар барысында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы Хромтау ауданының әкімі Азамат Бауыржанұлының қабылдауында болып, жергілікті діни ахуалдың жай-күйімен танысып, өңірдегі дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын қозғады.

Одан кейін Бас имам аудандағы мешіттердің ішкі-сыртқы жұмыстарымен танысып, қысқа дайындық жұмыстары туралы пысықтап, күн тәртібіндегі мешіт істеріне қатысты маңызды мәселелерге тоқталды.

Сонымен қатар жаңадан салынып жатқан мешіттің асхана құрылысымен танысты.

Одан өзге Бас имам Хромтау ауданы бойынша Сауда Арабиясында біліп жатқан екі азаматтың ата-аналарымен кездесіп, шетелдегі тиым салынған діни ілімді алудың зардабы туралы баяндап, оларды елге оралту мәселесін көтеріп, еліміздегі Нұр-Мүбарак секілді оқу ордаларында білім алу жайында айтты. Одан өзге ата-аналарға теріс ағымның алдын алуға қатысты бірқатар нұсқаулықтар берді.

Сапар қортындысында Серікжан Еншібайұлы мешіт жамағатымен жүздесіп, «Ислам дінінің негізгі мақсаты» тақырыбында уағыз-насихат айтып, жамағаттың жат ағымның алдын алу мәселері, дін мен салт-дәстүр құндылығы, отаншылдық, вакцина туралы қойылған сұрақтарына жауап берді..
Хромтау ауданындағы «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы сапарда Ақтөбе қаласындағы «Қайырқожа» мешітінің имамы Сұңғат Саметұлы жат ағымнан сақтану аясында жеке кездесулер өткізді.

Еске салсақ, ҚМДБ-ның биылғы негізгі жеті бағыттарының бірі – жат діни ағымдармен жұмыс. Аталған бағыт бойынша ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі нәтижелі де сапалы көрсеткіштер көрсетіп келеді. Ендігі кезекте Темір ауданынан бастау алған «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы іс-сапар Шалқар ауданында жалғасын табады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі