Хромтау: «Ғаламның рахым нұры – Мұхаммед»» атты Мәуліт кеші ұйымдастырылды 2995

Хромтау: «Ғаламның рахым нұры – Мұхаммед»» атты Мәуліт кеші ұйымдастырылды

12 қазан 2023 129 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде ауданның Бас имамы Ерік Сұлтановтың бастамасымен әйел жамағатына «Ғаламның рахым нұры –Мұхаммед» атты Мәуліт айының құрметіне рухани кеш ұйымдастырылды.

Игі шара Алланың кәләмы Құран оқумен басталып, пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтумен жалғасын тапты.

Рухани кештің қонағы, Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, Алланың сүйікті құлы және елшісінің (с.ғ.с) өмірбаянынан сөз қозғап, сауабы мол сүннетімен жүрудің маңыздылығын насихаттады.

Жамағаттың белсенді мүшелерінің қатысуымен қойылған ғибратқа толы көріністер мен тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап ойындары көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Сонымен қатар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүйіп жеген тағамдарынан арнайы бүктеме ретінде шығарып, қонақтарға сый кәде ретінде ұсынылды.

Ауданның Бас имамы Ерік Қонақбайұлының атынан 10 адамға «Міржақып, Оян, қазақ!» фильміне Мәуліт айының құрметіне билеттер сыйға тартылды.

Одан өзге Құранға түскен 12 шәкіртке тәж кигізу рәсімі өтті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі