«Қалам» зияткерлік сайысы өтті 4597

«Қалам» зияткерлік сайысы өтті

16 маусым 2025 72 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мен «Ихсан» орталығының ұйымдастырумен қалалық орталық мешітте әйел жамағатының арасында «Қалам» зияткерлік сайысы өтті. 

Жарысқа Ақтөбе қаласындағы мешіттер жанындағы әйелдерге арналған діни сауат ашу курсының шәкірттері мен жалпы әйел жамағатынан құралған бес топ қатысты.

Дода қатысушылар топты таныстыру, экрандағы ұяшықтарды таңдау арқылы Құран сүрелерін қазақша мағынасымен айту, пайғамбарымыздың(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисін жалғастырырып және түсіндіру, салт-дәстүрге байланысты cұрақтар мент логикалық сұрақтарға жауап беру атты 5 кезеңнен тұрды.

Сайыс қортындысы бойынша: Бірінші орынды «Ықылас» тобы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің шәкірттері, екінші орынды «Нұр» тобы», «Әзіреті Біләл» мешітінің шәкірттері, үшінші орынды «Фирдаус» тобы әйел жамағаты иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Одан өзге «Суффа» тобы мен «Ас-сәләм» тобы ынталандыру сыйлығына ие болды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі