АҚТӨБЕДЕ МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТИМБИЛДИНГ ӨТТІ 6723

АҚТӨБЕДЕ МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТИМБИЛДИНГ ӨТТІ

13 қазан 2026 91 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің шәкірттері мешіт ұстазы Анар Қойшығұлованың ұйымдастыруымен қалалық Триатлон саябағында тимбилдинг өткізді.

Рухани-танымдық бағытта ұйымдастырылған басқосудың негізгі мақсаты – шәкірттер арасындағы бауырмалдықты арттыру, өзара сыйластықты нығайту және рухани құндылықтарды дәріптеу.

Кездесу барысында «Шүкіршілік», «Өмірдің қадірі» тақырыптары қозғалып, Тәкәсур сүресінің тәпсіріне тоқталды. Қатысушылар өмірдің өткіншілігі, берілген нығметтердің қадірін білу, шүкіршілік ету және уақытты тиімді пайдалану жайында ой бөлісті.

Сонымен қатар әйел жамағаты арасында қызықты ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара пікір алмасып, жүрекке ой салатын толғамдарымен бөлісті. Күз мезгілінің әсем табиғаты аясында дастархан жайылып, таза ауада терең ойға шомып, табиғаттың жаратылыс сырларына ой жүгіртуге мүмкіндік туды.