"Ерекше қуаныш" атты іс-шара өтті
Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандардың күніне орай Ақтөбе қаласындағы Қабақ баба мешітінің имамы Нұрлыбек Дүйсеев қаламыздағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған мекемеге барды.
Айтулы күннің құрметіне орай имам сырқат азаматтарға азық-түлік салынған дорбаларды табыстап, олардың хал-жағдайларын сұрап, көңілдеріне қуаныш сыйлады.
Кездесу барысында дін қызметкері әрбір адамға құрметпен қарап, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – адамгершілік пен имандылықтың жарқын көрінісі екенін атап өтті. Сондай-ақ, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттырып, көмекке мұқтаж жандарға әрдайым қол ұшын созудың маңыздылығына тоқталды.
Қайырымдылық шарасының мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға рухани қолдау көрсету, олардың қоғамдағы орнын айшықтап, ізгілік пен қамқорлық құндылықтарын дәріптеу.
Ислам діні адамға жақсылық жасауды, әлсізге сүйеу болып, мұқтажға жәрдем беруді насихаттайды. Осындай игі бастамалар қоғамдағы өзара құрмет пен бауырмалдықты нығайтуға үлес қосады.






































