21 Сафар
«Hassaq» дәмханалар желісіне ҚМДБ HALAL сертификаты табысталды 4643

«Hassaq» дәмханалар желісіне ҚМДБ HALAL сертификаты табысталды

30 маусым 2025 106 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдінде күн санап ҚМДБ Халал Даму сертификатына сұраныс көбейіп, жаңа дәмханалар саны артты. 

«Hassaq» дәмханалар желісіне аудиттік тексерісті технолог Ақмаржан Ержанқызы жүргізді. Арнайы тексеру нәтижесі бойынша мекеме барлық халал талаптарына толық сай екені анықталды.

Осыған орай ҚМДБ “Халал Даму” ұйымының жергілікті өкілі, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли жұма намазына жиналған жамағат алдында облыстық мешітте сертификатты табыстады.

Мекенжайы:

1) Алға қаласы, 5-шағын ауданы, 2-үй;

2) Мәңгілік Ел көшесі, 18.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі