БАС МҮФТИ ЕСЕТ БАТЫР КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында Есет батыр Көкіұлының кесенесін зиярат етті.
Бас мүфти Есет батыр бастаған жерімізді жаудан қорғаған жаужүрек бабалар рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.
Батырдың кесенесі Алға ауданы Бестамақ елдімекенінен шығысқа қарай 3 шақырым жерде орналасқан. Кесене 1992 жылы бой көтерген.
Айта кетейік, қолбасшы, тархан Есет батыр Көкіұлы Аюке бастаған Еділ қалмақтарына қарсы күрескен. Сондай-ақ қазақтың жерін Жоңғар шапқыншылығынан қорғаған. Бұланты, Аңырақай шайқастарына қол бастап, батырлығымен танылған.