Зекет қоры өкілі Хромтауда насихат жұмыстарын жүргізді 3464

Зекет қоры өкілі Хромтауда насихат жұмыстарын жүргізді

26 шілде 2024 1040 Оқу 1 минут

Ағымдағы жылдың 26-шы шілдесі күні қасиетті жұма күні, Хромтау ауданына арнайы сапармен барған Ақтөбе облыстық орталық “Нұр Ғасыр” мешітінің найб имамы және ҚМДБ халал бөлімі мен Зекет қоры өкілі Алмат Әли аудандық “Нұр” мешінде болып, жұма намазына жиналған дүйім жамағатқа  “Әлеуметік желіні қолданудың әдебі мен мәдениеті” атты тақырыпта уағыз-насихатын айтты.

Намаздан кейін ауданның бас имамы Ерік Қонақбайұлының ұйымдастыруымен жазғы демалыс кезінде мешітте іс-тәжірибесінен өтіп жатқан Нұр-Мүбарак ислам университеті және медресе шәкірттеріне қаржылай сертификат сыйлады.