«Өмірге үміт сыйла» атты қайырымдылық шарасы өтті 6724

«Өмірге үміт сыйла» атты қайырымдылық шарасы өтті

13 қазан 2026 23 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе өкілдігіне қарасты Хромтау аудандық «Нұр» мешіті Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай «Өмірге үміт сыйла» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Игі шараның мақсаты – ерекше қолдауды қажет ететін жандарға қамқорлық танытып, олардың көңіліне қуаныш ұялату, қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.

Аталған шара аясында Хромтау ауданының бас имамы Марал Иманғали Хромтау қаласында тұратын бірқатар мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті азық-түлік қоржындарын табыстап, оларға қолдау көрсетті. Сонымен қатар, ақжарма тілегін жеткізіп, әрбір адамға сабыр мен үміттің маңызды екенін атап өтті.

Бас имам өз сөзінде Алла Тағаланың пендесіне көтере алатын сынағын ғана беретінін тілге тиек етіп, өмірдің түрлі сынақтарына мойымай, үміт пен сенімді серік етуге шақырды. Сондай-ақ, олардың дерттеріне Алладан шипа сұрап, дендеріне саулық, көңілдеріне қуаныш, отбасыларына амандық пен береке тіледі.