Хромтау ауданының имамдары 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады 5892

Хромтау ауданының имамдары 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады

06 ақпан 2026 24 Оқу 1 минут

Бүгін Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде Хромтау ауданы имамдарының 2026 жылы атқаратын жұмыстарын айқындауға арналған жиын өтті.

Жиын барысында ауданның бас имамы Марал Иманғали Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2026 жылды «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялауына байланысты жыл аясында жүзеге асырылатын негізгі бағыттарға тоқталды. Ол «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Дәстүр және отбасы», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары бойынша жүйелі әрі кешенді жұмыстар жүргізудің маңызын атап өтті.

Сондай-ақ бас имам ауыл мешіттерінің имамдарына бірқатар нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Жиын барысында алдағы жылға арналған жоспарлар пысықталып, имамдардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.