Ақтөбе: «Мен үшін Рамазан...» атты шығарма байқауы қортындыланды 1539

Ақтөбе: «Мен үшін Рамазан...» атты шығарма байқауы қортындыланды

14 сәуір 2022 111 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешіті  Рамазан айының қадір-қасиетін көпшілікке ұғындырып,әсіресе жастар арасында насихаттау мақсатында «Мен үшін Рамазан...» атты шығарма байқауын ұйымдастырды. 

Байқау қортындысын Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев Meshit.life инстаграм парақшасында арнайы тікелей эфир барысында жариялады.

Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі І орынды Гауһар Түгелбайқызы(30 мың теңге) жеңіп алса, Руслан Жүсіпов ІІ орын (20мың теңге), Салтанат Нұрболатқызы ІІІ орынға (10 мың теңге) ие болды. Сонымен қатар Жұлдыз Құдайбергенова, Жанар Біртаева, Ұлмекен Райсова есімді қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары бұйырды.

Мүбәрак айдың құрметіне орай жүлделі сайыстар алдағы уақытта жалғасын табады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі