Ақтөбеде әйел жамағатына ауызашар берілді 1537

Ақтөбеде әйел жамағатына ауызашар берілді

14 сәуір 2022 283 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен 160 адамға ауызашар берілді. 

Рамазан айының құрметіне жайылған ауызашар дастарханының қадірлі қонақтары қатарында көп балалы аналар, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар, мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқор боп отырған «Жайна» оңалту орталығының ұжымы мен әйел жамағаты т.б болды.

ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкароваға жиналған қауымды Рамазан айымен құттықтады. Сонымен қатар облыстық орталық мешіттің ұстазы Гүлмайра Тұрлыбекова мен қалалық
әйелдер сауат ашу орталығының ұстазы Айдана Разақ Рамазан айының қадір қасиетін дәріптеп, уағыз айтты.

Ал «Нұр Ғасыр» мешітінің шәкірттері Рамазан туралы жыр шумақтарын оқып, жарапазан жырын айтты. Одан өзге он екі айдың ұлықтау мақсатында қадірлі қонақтар арасында ойындар ойнатылып, белсенділік танытқандарға сыйлық табыс етті.

Іс-шара қортындысында қонақтар игі лебізін білдіріп,ақ жаулықты әжелер батасын берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі