Ақтөбе: Шәкірттер ұстазға құрмет көрсетті 1534

Ақтөбе: Шәкірттер ұстазға құрмет көрсетті

14 сәуір 2022 278 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде Рамазан айының құрметіне орай облыстық орталық мешіттің шәкіртері ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкароваға ноутбук сыйлады.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы ойшыл Абай атамыз айтқандай, бүгінгі күнге дейін Кенжегүл ұстазымыз таң бозарып атқаннан араб әріптерінен үйретіп, Құранға түсірді. Сонымен қатар білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстазымыздың еңбегі аса зор», -деп шәкірттер ақ тілегін білдірді.

Ал тосынсыйға ие болған ұстаз шәкірттерге риза болып, ақ батасын беріп, алғысын жеткізді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі