«Пайғамбардың отбасындағы мінсіз бейнесі. Ислам діні зорлық-зомбылыққа қарсы» атты шара өтті 3007

«Пайғамбардың отбасындағы мінсіз бейнесі. Ислам діні зорлық-зомбылыққа қарсы» атты шара өтті

18 қазан 2023 228 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде «Пайғамбардың отбасындағы мінсіз бейнесі. Ислам діні зорлық-зомбылыққа қарсы» атты рухани іс-шара өтті.

Отбасы құндылықтарын насихаттау, қоғам дертіне айналған ажырасудың алдын-алу, отбасындағы зорлық-зомбылықтың әр адамға әсіресе бала денсаулығы мен психикасына кері әсері жайлы пікір алмасу мақсатында өткен игі шарада мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова Пайғамбар Мұхаммед (Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын) отбасындағы мінсіз бейнесі мен көркем мәмілесі туралы, адал жар, қамқоршы әке болғандығы жайлы жиналған жамағатқа насихат айтты.

Сонымен қатар ақ жаулықты аналар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, отбасының берекесі үшін қажетті мінездер мен ұстанымдар туралы ақыл-кеңестер берді.

Одан өзге шара барысында қоғамда боп жатқан 2-3 жағдаяттар талқыланып, пікірлер ортаға салынды.

Рухани кеш соңында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаянынан интернет желісі арқылы сұрақ-жауаптар алынып, білімдерін сынады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі