Шалқар: Әйел жамағатына Мәуліт кеші ұйымдастырылды 3699

Шалқар: Әйел жамағатына Мәуліт кеші ұйымдастырылды

19 қыркүйек 2024 120 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында «Қош келдің, мүбәрәк Мәуліт айы» атты әйел жамағатына Мәуліт кеші өтті. 

Аталған рухани кеш Шалқар қайырымдылық мекемесінде Құран оқумен басталып, Мәуліт айы туралы насихат айтумен жалғасын тапты.

Шара барысында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірі мен көркем мінезі, салауаттың артықшылығын баяндады.

Сонымен қатар іс-шарада сауат ашу курсының шәкірттері Құран, сира бойынша жарыстарға қатысып бақсынасты. Нәтижесінде белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Одан өзге «Адамзаттың асылы Мұхаммед (с.ғ.с)» тақырыбында жамағатқа видеоролик көрсетілді.

Шара қорытындысында «Ең үздік сираны меңгерген», «Ең көп салауат айтушы», «Құранды ең көп жаттаған шәкірт» номинациялары бойынша үздіктер марапатталды.

Одан өзге жамағаттың үлкендері бата беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі