Рамазанның алғашқы 10 күнде сауат ашу курсының бір тобына 70 шәкірт қабылданды 1546

Рамазанның алғашқы 10 күнде сауат ашу курсының бір тобына 70 шәкірт қабылданды

16 сәуір 2022 45 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ұстаз Ардақ Бағдалқызының сауат ашу тобында Рамазан айының алғашқы 10 күнінде 70-ке жуық шәкірт қабылданып, Алланың қасиетті сөзі Құран Кәрімді оқуды үйреніп бастады. 

Ұстаздың айтуынша, әр күні дәріске келушердің саны көбейіп келеді. Сонымен қатар жаңадан келген шәкірттерге мешіт тарапынан Құран әліппесі сыйға берілген.

Қазіргі таңда шәкірттер аз уақыттың ішінде әріптерді жаттап, харакаттар мен сукунмен окуды үйреніп жатыр.

Одан өзге ұстаз Ардақ Бағдалқызы шәкірттерінің есте сақтау қабілеті артып, әріпті жаксы әрі тез меңгеру мақсатында өз қолдарымен әріптерді тәжі ретінде жасап, ойын түрінде қолдану әдістемесін дәріс барысында қолданып келеді.

Сауабы еселенетін Рамазан айы баршамызға мүбәрак болсын!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі