«Ауызашарға үлес қос» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті 4234

«Ауызашарға үлес қос» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

23 ақпан 2025 73 Оқу 1 минут

Қасиетті жұма күні қасиетті Рамазан айының қарсаңында «Қыс — мүміннің көктемі» марафоны аясында ҚМДБ Ақтөбе өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ауызашарға үлес қос» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. 

Жәрмеңкеге әйел жамағаты өз қолдарынан жасалған төл қолөнер бұйымдарын, кондитерлік өнімдер мен діни кітаптарды жәрмеңкеге алып келіп, сауапты іске өз үлестерін қосты.

Қандайда бір сатып алынған заттың қаражаты жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға алдағы уақытта ауызашар дастарханы жайылады.

Айта кетсек, аталған акция алдағы жұмаларда да өз жалғасын табады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі