«Дархан дала»: Исатай Тайманұлының кесенесіне барды
ҚМДБ-ның «Дархан дала» жоба аясында Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің бас имамы Еламан Кәрім арнайы рухани-танымдық сапар ұйымдастырды.
Сапарға мешіт жамағаты қатысып, Ақтөбе қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан тарихи мекен, даңқты қолбасшы Исатай Тайманұлының кесенесін барып, батырдың рухына Құран бағыштап, зиярат етті.
«Дархан дала» – халқымыздың тарихи-рухани мұрасын насихаттап, жастардың ұлттық санасын қалыптастыруға және ел тарихына деген құрметін арттыруға бағытталған.
Исатай Тайманұлы (1791–1838) – 1836–1838 жылдарындағы халық-азаттық көтерілістің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.
Рухани сапар барысында қатысушылар қазақ халқының тарихы, елдің қалыптасу кезеңдері, ұлт зиялылары мен діни қайраткерлердің өнегелі өмірі туралы тағылымды мәліметтер алды.
Ақтөбе облысық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































