Ақтөбеде қала имамдарына арналған «Пәтуа семинары» өтті 6763

Ақтөбеде қала имамдарына арналған «Пәтуа семинары» өтті

29 қазан 2026 39 Оқу 0 минут

Ақтөбеде қала имамдарының қатысуымен қазіргі таңдағы өзекті діни мәселелерге арналған «Пәтуа семинары» ұйымдастырылды.

Семинарда қазіргі таңда қоғамда кеңінен талқыланып жүрген өзекті тақырыптар қозғалды. Жиында спикер Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы, Ақтөбе облысы бойынша ҚМДБ «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің маманы Талғат Аманов «Азаматтық некенің үкімі», «Қыз алып қашудың үкімі» және «Бірден үш талақ беру мәселесі» пәтуаларын егжей‐тегжей түсіндірді.

Шара барысында дін қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі тұщымды жауаптар берілді.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі