Шалқар: Өткенге – құрмет, ұрпаққа міндет 1092

Шалқар: Өткенге – құрмет, ұрпаққа міндет

13 қараша 2021 157 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлының «Дін қызметкерлерінің Ақтөбе өлкесіндегі тарихына қызығушылық танытуы, оны білуі – өте қажет дүние. Себебі, осы топырақта Ислам діні кеңінен насихатталды. Имамдарымыз дін мен дәстүрді, дін мен тарихты, дін мен шежірені қатар алып жүрсе, кейінгі ұрпақ жат ағым жетегінде кетпейді» - деген сөздерін негізге алып, Шалқар ауданындағы ауылдық «Бегімбет» мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың бастамасымен ауыл жастары аудандағы киелі жерлерге зиярат етті. 

Сапар көрнекті дін қайраткері «Жанаман ахун Сейітімұлы» кесенесін зиярат етуден басталып, «Киелі мекенге саяхат" жобасы аясында белгілі күйші Қазанғап Тілепбергенұлының кесенесіне зиярат етумен жалғасын тапты.

Аталған ұлы тұлғалардың рухына Құран бағыштап, ел-жұртқа жақсылық тілеп, дұға жасалды.

Имам Нұрдәулет Әуезов: «Өткенге – құрмет, ұрпаққа міндет дегенін ұмытпауымыз керек. Осы тұрғыда бүгінгі шарамыз жүзеге асты, Болашақта да жалғасын табады»,- деп жастарға исламдағы зиярат әдебінің маңыздылығын атап өтті.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі