ДІНИ БАСҚАРМА ҚАЖЫЛЫҚ ОРЫНДАРЫН АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық және ұмра саласында қызмет көрсететін тәжірибелі туроператорлар арасында адал әрі әділ бәсекелестікке қол жеткізу үшін әрі қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатымен «Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлудің ережесі» негізінде 2026 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік операторлар арасында конкурс жариялайды.
КОНКУРС ТАЛАПТАРЫ:
«Қажылық-2026» маусымына дайындығы және нақты игере алатын қажылық орын саны мен мүмкіндігі туралы ҚМДБ-ға өтініш хат жіберу;
Туроператорлық қызметті жүзеге асыру бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай берілген тиісті мемлекеттік лицензиясының және ҚР туристік қызметі туралы заңының 27-3-бабының 1-тармағына сәйкес қосымшасының болуы;
Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің және салықтары төленгенін айғақтайтын құжаттардың болуы;
Қажылық пен ұмраны ұйымдастыруда тұрақты оң 5 жылдық тәжірибесінің бар екендігін айғақтайтын құжаттардың болуы;
ҚР заңдарын және САК тарапынан қажылыққа қатысты қойылған талаптарды бұзбауы;
ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты).
Аталған құжаттар 2025 жылғы 18 тамыздан бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 2025 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туроператордың ұсыныстары қаралмайды.
Туындаған сұрақтар бойынша аталған поштаға және ҚМДБ Қажылық бөліміне (Жәнділлә Бекжігітов 87014770717) хабарласуға болады.
ҚМДБ Қажылық бөлімі
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Соңғылар
«Qamqor-Sharapat» орталығының Астанадағы төртінші бөлімшесі іске қосылды
22.12.2025 147
«Qamqor-Sharapat» орталығының Астанадағы төртінші бөлімшесі іске қосылды
МҮФТИЯТ CALL ОРТАЛЫҒЫ ТЕГІН 1511 ҚЫСҚА НӨМІРІН ІСКЕ ҚОСТЫ
22.12.2025 1753
МҮФТИЯТ CALL ОРТАЛЫҒЫ ТЕГІН 1511 ҚЫСҚА НӨМІРІН ІСКЕ ҚОСТЫ
БАС МҮФТИ МАРҚҰМ АСАНӘЛІ ӘШІМОВТІҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ
21.12.2025 1400
БАС МҮФТИ МАРҚҰМ АСАНӘЛІ ӘШІМОВТІҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ
ЕРЕЖЕП – БЕРЕКЕЛІ АЙ
21.12.2025 2320
ЕРЕЖЕП – БЕРЕКЕЛІ АЙ
ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ ІІІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20.12.2025 1143
ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ ІІІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
НҰР-МҮБӘРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢА КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
20.12.2025 1182
НҰР-МҮБӘРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢА КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ





































