«Мүфтият» баспасынан шыққан кітаптар таныстырылды
ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында «Қабақ баба» мешітінде жамағатқа «Ұлы дала төсіндегі Ислам», «Дін мен дәстүр – 4» т.б «Мүфтият» баспасынан шыққан кітаптарды таныстырды.
Іс-шара барысында кітаптардың мазмұны мен маңызы түсіндіріліп, ондағы ұлттық құндылықтар мен рухани мұралар туралы кеңінен әңгіме өрбіді.
Кездесуде мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы дәстүріміздегі имани тәрбиені жаңғыртып, оны кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ келешек жастарға бағыт-бағдар беріп, жөн сілтейтін аға буын өкілдерінің тәрбиедегі рөлі ерекше екенін атап өтті.
«Ұлттық тәрбие мен діни құндылықтарды ұштастыра отырып, жастардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – бүгінгі қоғамның маңызды міндеттерінің бірі» деді имам.
Руханиятты байытатын шара қортынындысында имамдар ата- бабаларға Құран бағыштап, ақсақалдар дұға жасап, баталарын берді. Алдағы уақыттағы игі бастамаларға да ризашылықтарын білдіріп, қолдайтынын айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































