Ақтөбе: Желтоқсан құрбандарына Құран бағыштады 3142

Ақтөбе: Желтоқсан құрбандарына Құран бағыштады

16 желтоқсан 2023 475 Оқу 1 минут

Бүгін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыздың рухына арналып Құран Хатым дұғасы жасалды.

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы қасиетті Құран аяттарынан болған сауапты марқұмдардың рухына бағыштап, ел амандығы мен тыныштығы үшін бата қайырды.


Ақтөбе облыстық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі