1 Зул-Хиджа
ХРОМТАУ: «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» АТТЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ 4421

ХРОМТАУ: «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» АТТЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

14 сәуір 2025 323 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы жамағатқа «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында уағыз айтты. Исламдағы отбасы қандай болуы керек, исламдағы отбасының құндылықтары қандай, - деген сияқты сұрақтарға жауап беруге тырысты.

Отбасы - исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген.

Ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ер кісі отбасының бақташысы, сондықтан ол қол астындағыларға жауапты» деген.

Отбасы мүшелерінің өзара міндеттерін исламда анық көрсетілген. Отбасын асыраушы ретінде ер адамның жауапкершілігін айқындап өткен.

Тағы да басқа хадистерде: «Әйел өз үйі мен балаларының бақташысы, сол үшін жауапты» деп, әйелді отбасы берекесінің ұйтқысы, ұйыстырушысы ретінде белгілеген.