Ақтөбе: Облыстық мешітке жаңа ұстаз тағайындалды 3141

Ақтөбе: Облыстық мешітке жаңа ұстаз тағайындалды

15 желтоқсан 2023 626 Оқу 1 минут

Бүгін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жаңа ұстазы Талғат Аманов болып тағайындалды. 


Ол бұған дейін 2012 жылы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің зекет өкілі, ал 2017 жылы аталған облыстық мешітте ұстаздық қызметін атқарған.

Білімі – жоғары. 2013-2017ж.ж. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің, 2018-2021ж.ж. Әл-Әзһар университетінің исламтану және араб тілі факультетінің түлегі.

Сонымен қатар 2021 жылдан бастап Әл-Әзһар университеті ислам ғылымдары факультетінің ақида және философия магистранты.

Жаңадан тағайындалған ұстазды жұма намазға жиналған жамағатқа Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тағайындау бойынша бұйрығын оқып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі