«Бақытжан» мешіті: Әйел жамағатына Тәуелсіздік күні насихатталды 3143

«Бақытжан» мешіті: Әйел жамағатына Тәуелсіздік күні насихатталды

16 желтоқсан 2023 529 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің әйел жамағатына «Тәуелсіздік – Тәңір берген үлкен сый» атты шара өтті. 

Ел тәуелсіздігі қарсаңында әйел жамағатына зияткерлік сайыс өтіп, мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова «Пайғамбарлар қалдырған аманат» атты насихат айтты.

Шара барысында тест арқылы сұрақ-жауаптар, ұяшықтар арқылы тапсырмалар орындау, суреттер арқылы мақалдар шешу, телефон қосымшасы арқылы сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.

Шара соңында білімімен көзге түскен белсенді шәкірттер марапатталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі