Түзету мекемесінде Құрбан айт мерекесі өтті
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі, облыстың бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен Ақтөбе қаласындағы №8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға арналған арнайы Құрбан айт мерекесіне арналған мерекелік дастархан жайылып, рухани-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі және «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті ұжымының бастамасымен өтті.
Қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне мекемеде жазасын өтеп жатқан 400-ге жуық азаматқа мерекелік дастархан жайылып, облыстық мешіттен арнайы барған имам мен ұстаздар Жексенбай Торбаев және Талғат Аманов Құрбан айттың мән-маңызы, шығу тарихы, адамгершілік құндылықтар туралы насихат айтты.
Шара барысында қатысушыларға рухани қолдау көрсетіліп, олардың жүрегіне үміт пен сенім ұялату мақсатында Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен тағылымды мысалдар келтірілді.
Сонымен қатар іс-шара аясында спорттық сайыстар мен діни сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталып, олардың жігері мен ынтасы бағаланды.
Бұл игі шара жазасын өтеп жатқан азаматтардың рухани тұрғыдан қолдау табуына, жүректеріне үміт ұялатуға, қоғамға деген сенімін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Осындай кездесулер адамды ізгілікке шақырып, өмірдің жаңа парағын ашуға мүмкіндік беретін маңызды рухани бастамалардың бірі деп ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































































