Ихсан кітабының аудио нұсқасы әзірленуде 731

Ихсан кітабының аудио нұсқасы әзірленуде

13 тамыз 2021 138 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен басылып шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын насихаттау жұмыстары Өскемен аймағында қарқынды жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінен ашылған «Shigis media» студиясында аталған кітаптың аудио нұсқасы әзірленіп жатыр. «Қазақ радиосының» дикторы Ғылымхал Манай арнайы шақырумен келіп, кітапты басынан бастап оқып, аудио жазбасын әзірлеу үстінде. Әр тарауды өзінше мәнермен халықтың жүрегіне жететіндей ырғақпен жеткізуде.

«Бұл кітап – қазіргі уақытпен үндесетін, қоғамда азайып ара жатқан адамгершілік, рухани құндылықтарға шақыратын бірегей еңбек. Қазіргі уақытта халықтың басып көпшілігінде кітап оқуға уақыты болмайды. Сондықтан біз аудио нұсқасын жасауға көштік. Бұл – нағыз заманауи формат. Кез келген адам тыңдап, рухани сұранысын қанағаттандыра алады» дейді «Халифа Алтай» мешітіні наиб имамы Дәулет Қабидолдин.

Айта кетейік, кітаптың аудио нұсқасы дайын болған соң ғаламтор арқылы жұртшылыққа таралады.