#Рамазан2026: Мүмкіндігі шектеулі отбасыларға зекет үлестірілді
Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе қалалық "Досжан хазірет" мешітінің имамдарының ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның "Зекет және қайырымдылық" қорының "Қолдан қолға" қайырымдылық акциясы аясында мешітке келіп өтініш білдірген мұқтаж 10 отбасыға 50 мың теңгеден жалпы сомасы 500 жүз мың теңге қаражат зекет ретінде үлестірілді.
Қайырымдылық шарасы барысында имамдар исламдағы зекеттің орнын айтып, әртүрлі санаттағы отбысаларға береке тіледі. Сонымен қатар зекет беріп, жомарттық көрсеткен азаматтарға Алланың разылығын тілеп, кәсіптеріне жеміс тіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































