Ақтөбе: «Зекет жинаудың заманауи тетіктері» атты семинар өтті 1523

Ақтөбе: «Зекет жинаудың заманауи тетіктері» атты семинар өтті

10 сәуір 2022 103 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының мұрындық болуымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде РАНТ мүшесі, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының исламдық қаржы мәселелері бойынша сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев өңірдегі қала және аудан имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында «Зекет жинаудың заманауи тетіктері» атты семинар өтті. 

РАНТ мүшесі семинар барысында зекет берушілермен кері байланыс жолдарына тоқталды. Сонымен қатар PR әрекеттер алгортимін атап өтті. Одан өзге Мақсатбек Қайырғалиев еріктілермен тығыз жұмыс мәселесінде тілге тиек етті.

Шара қортындысында тақырып аясында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, әдістемелік нұсқаулық көрсетілді.

Айта кетсек, семинарға қатысқан имамдарға сертификат табысталды.


 Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі