Ақтөбе: «Қайырқожа» мешіті «Жарапазан» эстафетасына  үн қосты 1522

Ақтөбе: «Қайырқожа» мешіті «Жарапазан» эстафетасына үн қосты

10 сәуір 2022 101 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Қайырқожа» мешітінің ұйымдастыруымен қала орталығындағы «Тұңғыш Президент саябағында» дәстүрді дәріптеп, қасиетті айдың келуін жар салатын, қала өнерпаздарының орындауында жарапазан айту шарасы өтті. 

Шараның жүргізушісі «Қайырқожа» мешітінің имамы Сұңғат Саметов «Жарапазан» сөзінің мағынасы мен салттың шығу тарихын айтты. Ал игі шараға қонақ болып келген облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы қасиетті айдың қадір қасиеті мен ұлылығына тоқталып, бұл айдағы дұға-тілектеріміз қабыл болып, елімізге тыныштық, халқымызға амандық болуын тіледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі