ЖАНТ мүшесі Алға ауданына барды 2562

ЖАНТ мүшесі Алға ауданына барды

20 наурыз 2023 78 Оқу 1 минут

ЖАНТ мүшесі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов Алға ауданына іс-сапармен барды.

Алға аудандық мешітінде жұма уағызын айтып, намаз жүргізді. Ауданның Бас имамы Абдуахид Абдурасуловтың ұйымдастыруымен жұмадан кейін жиналған жамағатпен ҚМДБ биылғы 5 жұмыс бағыттарының бірі – «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты аясында кездесу өткізіп, «Бидғаттың екіге бөлінеді ме?», «Екі намазды біріктіріп оқуға бола ма?», «Сапарда намаз қалай оқылады?», «Көлікте намаз қалай оқылады?» т.б деген секілді сауалдарға жауап беріп, жамағат өздерін толғандырған көптеген сауалдарына тұщымды жауап алды.

Сонымен қатар ЖАНТ мүшесі Алға мәдениет үйінің коворкинг орталығында аудандық мәдениет басқармасы мен Алға аудандық мешітінің ұйымдастыруымен өткен ақсақалдар арасында бата сайысына төрелік етті. Қазылар алқасы Ауданның Бас имамы Абдуахид Абдурасулов, Нұрбол Берікболұлы, Нұрмұхаммед Разақов ақсақалдардың бата арасында діни сөздерді дұрыс қолдануы, сөз саптауы, өзін-өзі ұстауы, мағыналы сөздерді айтуы секілді шарттарға сай баға беріп, үздік деп танылған ақсақал облыстық сайысқа жолдама алды.

Одан өзге аудандық мешітте ақшам намазынан кейін ҚМДБ 5 бағытының бірі – «Ихсан және насихат» бағыты аясында уағыз дастарханы жайылды. 80-ге жуық жамағат жиналған рухани отырыста Ақтөбе облыстық мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов Рамазан айы мен жамағат бірлігіне байланысты уағыз-насихат айтты.

Ал жастар арасынан ЖАНТ мүшесіне «Діни қайраткерлер, батырлар және әулиелелердің басына зиярат етудің үкімі», «Неге Мекке мен Мединада намазда «Фатиха» сүресінен кейін «Әмин» дұғасын жария оқиды?» деген секілді сұрақтар қойылып, наиб имам жамағатқа толыққанды қойылған сауалдарда аясында жіті тоқталып, тұшымды жауаптар берді. Басқосу соңында жамағат тарапынан іс-сапармен арнайы келген Нұрбол Берікболұлына алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі