Ақтөбе: «Тәуелсіздік – Тәңір сыйы» атты рухани кеш өтті 3147

Ақтөбе: «Тәуелсіздік – Тәңір сыйы» атты рухани кеш өтті

18 желтоқсан 2023 3340 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Нұр Ғасыр» мешітінде еліміздің тәуелсіздігіне орай «Тәуелсіздік – Тәңір сыйы» атты рухани іс-шара өтті. 

Сектор жетекшісі Кенжегүл Кушкарова жиналған жамағатты мерекемен құттықтап, тәуелсіздіктің елімізге оңайлықпен келмегенін, талай батырлар мен ұлт зиялыларының осы жолда құрбан болғанын атап өтті.

Өз сөз кезегінде мешіт ұстазы Айнұр Мырзабаева тәуелсіздікке қол жеткізу үшін тер төккен халық ағартушыларын айта келе, олардың діни сауаттылығының да жоғары деңгейде болғанын баяндады.

Шара барысында еліміздің тарихына қысқаша шолу жасап, тәуелсіз Қазақстанның жетістігі туралы сауат ашу курсының шәкірті Жұлдыз Райс бейнебаян арқылы жеткізді. Ал мешіт шәкірті Индира Бақтыбаеваның 1986 жылы алаңға шығып, ел үшін тайсалмай билікке қарсы тұрған қазақтың белсенді жастары туралы тарихи деректерден топтастырылған бейнебаяны шараға қатысушылардың көңілін тебірентті.

Тәуелсіздік тақырыбындағы Алаш қайраткерлері мен өзге де қазақ ақындарының руханият тақырыбында өлеңдері оқылды.

Шара қортындысында шәкірттер арасында «Туған елім –Қазақстаным» атты интелектуалды сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар ретінде І орынды Жоламанова Марина, ІІ орынды Базарова Айжан, ІІІ орынды Райсова Ұлмекен иеленді.

Айта кетсек, мерекеге орай «Керуен сити» ойын-сауық орталығында балаларға мерекелік тәтті таратылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі