Күнделікті офлайн және онлайн форматта Құран Хатым өтуде 3290

Күнделікті офлайн және онлайн форматта Құран Хатым өтуде

19 наурыз 2024 580 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Рамазан айы басталған күннен әр күн сайын офлайн және онлайн форматта Құран Хатым өтуде. Офлайн және онлайн түрде облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман оқып жатыр. Офлайн форматқа әжелер жамағаты қатысып, оқылған Құранның сонынан еріп хатым қылуда. Сондай-ақ ерлер және әйелдер тікелей эфирден Құран хатымға қатысуда.



 Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі