«Лұқман Хәкімнің өсиеттері» атты  семинар өтті 4286

«Лұқман Хәкімнің өсиеттері» атты семинар өтті

09 наурыз 2025 83 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы Әзіреті Біләл (р.а) мешітінде «Отбасы және Ислам құндылығы» жылы аясында «Лұқман Хәкімнің өсиеттері» атты тәрбиелік семинар өтті. 

Мешіт ұстазы Жазира Айбекқызы хәкім деп кімді айтамыз және сол даналыққа қалай жетуге болатындығы туралы нұсқаулық берді.

Сонымен қатар Лұқман хәкім қалай хәкім аталғаны, оның баласына айтқан өсиеттері туралы айтты. Әр өсиетіне жеке-жеке тоқталып, ашықтап түсіндірді. Одан өзге «Лұқман» сүресінің тәпсірі де айтылды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі