#Рамазан2026: «Мүфтият» баспасынан жарық көрген кітаптардың жәрмеңкесі өтті
Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айына арналған жоспарға сәйкес бірқатар рухани іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Осы жоспар аясында облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен Ақтөбе облысы өкілдігі арнайы кітап жәрмеңкесін ұсынды.
Іс-шара барысында жамағатқа Ислам дінінің құндылықтарын насихаттайтын, адамды ізгілікке, адалдыққа тәрбиелейтін асыл мұра – кітаптардың маңызы түсіндірілді.
Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл баспасы «Мүфтият» баспасынан жарық көрген діни-танымдық кітаптар таныстырылып, олардың мазмұны туралы кеңінен ақпарат берілді.
Нәтижесінде жамағат тарапынан кітаптарға үлкен қызығушылық пен сұраныс пайда болып, ұсынылған кітаптарды сатып алды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі



































































