Ақтөбе: Талапкерлер емтихан тапсырды 751

Ақтөбе: Талапкерлер емтихан тапсырды

25 тамыз 2021 119 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылындағы Ақтөбе медресе-коллежінде 2021-2022 оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті.

Оқу түсу үшін алғашқыда 99 талапкер өтініш білдірген.

Ал бүгін емтиханға 93 талапкер қатысты. Оның ішінде 9 сынып бітіргендер – 54, 11 сынып бітіргендер – 24 ер бала және 15 қыз бала емтихан тапсырды.

ҚМДБ-ның арнайы комиссиясы, атап айтқанда ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің маманы Жаңабай Қожин, Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Ақтөбе медресе-коллежінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков, Ақтөбе медресе-колледжі директорының ШІЖ орынбасары Бауыржан Нұрғалиев талапкерлерден емтихан алды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі


\