Медресе-колледждің шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды 2792

Медресе-колледждің шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды

21 маусым 2023 4110 Оқу 1 минут

 Бүгін «Ақтөбе» медресе-колледжінде болашақ имам хатиб мамандығында білім алушы шәкірттер мемлекеттік емтихан тапсырды. 

Емтиханды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнаулы комиссиясы қабылдады.

ҚМДБ «Діни білім және кадр даярлау» бөлімінің маманы Жаңабай Кожин төрағалық еткен комиссия құрамына Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, «Орал» медресе-колледжінің ұстазы Асылбек Наурызов, аталған рухани білім ордасындағы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жексенбай Торбаев пен «Ақтөбе» медресе-колледжінің арнайы пән ұстазы Бауыржан Нұргалиев болды.

Айта кетсек, емтиханға қатысқан 24 түлектің алтауы үздік баға алды.

Сонымен қатар 24 шәкірттің 15-і мешіттерге қызметке жіберілді, атап айтқанда оның 11-і Ақтөбе облысына қызметке орналасады. Ал 5 шәкірт жоғары оқу орнына түсіп, білімін жалғастырмақ, 4 шәкірт басқа салада қызмет етеді.

Одан өзге емтихан барысында болашақ имамдар қосымша сұрақ негізінде қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің дін тұрғысынан қалай орындалатындығы мен шешімдері туралы жауап берді.

Түлектердің алған ілімдері болашаққа жол ашсын деп алдағы сапарларына сәттілік тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі