«Ақтөбе» медресе-колледжінде жаңа оқу жылына қабылдау емтиханы өтті 4769

«Ақтөбе» медресе-колледжінде жаңа оқу жылына қабылдау емтиханы өтті

27 тамыз 2025 129 Оқу 1 минут

«Ақтөбе» медресе-колледжінде 2025–2026 оқу жылына «Исламтану» мамандығы бойынша талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті.

ҚМБД Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев және колледж директоры Ерік Сұлтанов талапкерлердің білімін екі кезең арқылы бағалады.

Бірінші кезең бойынша діни және жалпы білім деңгейін анықтау болса, екінші кезеңде шәкірттердің қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, жеке құжаттарына мән беру қаралды.

Айта кетсек, жаңа оқу жылына 80 талапкер қабылдау жоспарланған. Қорытынды нәтижелері арнайы тәртіппен жарияланатын болады.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі