«Ақтөбе» медресе-колледжінің қыздар бөлімі ашылды 1171

«Ақтөбе» медресе-колледжінің қыздар бөлімі ашылды

15 желтоқсан 2021 4248 Оқу 1 минут

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Ақтөбе» медресе-колледжінің қыздар бөлімі ашылды. 

Салтанатты шаранының құрметті қонақтары қатарында Алға ауданының әкімі Нұрбол Бақытжанұлы, Ақтөбе облысының Бас имамы имамы Серікжан Еншібайұлы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы, Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы мен қала имамдары болды.

Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен Бестамақ ауылының құрметті ақсақалы Ахметов Аманжол ресми түрде қыздар бөлімінің ашылу лентасын қиып, тарихи сәтте ізгі лебіздерін білдірді.

Қыздар бөлімінің сыйымдылығы 50 шәкіртке арналып салынған. Қазіргі таңда 13 шәкірт білім алуда. Негізгі ғимараттан алшақ орналасқан 2 қабатты ғимараттың 1 қабатында негізгі сынып кабинеттері интерактивті тақтамен, намазханамен, дәретханасымен қамтамасыз етілген. Ал 2 қабатында толықтай жатақханаға арналған орындар мен асханасы, кір жуатын бөлмелері мен жуынуға арналған арнайы бөлімдері бар. Қыздардың оқуына барлық мүмкіндік қарастырылған және барлығы тегін.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі