Ақтөбе медресе колледжі «Дін және теология, тілдер» бағыты бойынша республикада үздік деп танылды 723

Ақтөбе медресе колледжі «Дін және теология, тілдер» бағыты бойынша республикада үздік деп танылды

10 тамыз 2021 272 Оқу 1 минут

«TALAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2021 жылдағы сауалнамасы нәтижесінде «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» профилі бойынша колледждердің рейтингі шығып, Ақтөбе медресе колледжі бағалау бағалау критерийлерінің 64,74 % құрап, «Дін және теология, тілдер» бағыты бойынша республикалық 7 колледждің арасынан үздік деп танылды.

 Республикадағы «Дін және теология, тілдер» бағыты бойынша білім беретін колледждердің студенттерге жоғары сапалы білім беру қабілетін бағалау, олардың нәтижелерін салыстыру және білім беру қызметінің сапасын жақсартуға қосымша мотивация құру негізінде жасалынған сауалнама нәтижесінде «Һибатулла Тарази» медресе колледжі – 21,5%, «Шымкент» медресе колледжі» 28% «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжі – 28,7%, «Сарыағаш» медресе колледжі – 43,28%, «Әбу Ханиф»а медресе колледжі – 54,45% «Астана» медресе колледжі – 59,43%, «Ақтөбе» медресе колледжі 64,74 %, қортындысына ие болды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі