Талапкерлер емтихан тапсырды 1995

Талапкерлер емтихан тапсырды

23 тамыз 2022 151 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылындағы Ақтөбе медресе-колледжінде 2022-2023 оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті.

Оқуға түсу үшін емтиханға 9 сынып бітірген 68 талапкер қатысты. Оның ішінде 46 ер бала және 22 қыз бала. 68 талапкердің 38-і Ақтөбе облысынан, 10-ы Атырау облысынан, 7-і Маңғыстау облысынан, 4-і Батыс Қазақстан облысынан, 4-і Қызылорда облысынан, 3-і Түркістан облысынан, 1-і Қостанай облысынан келді.

Талапкерлерден емтихан алған арнайы комиссиясы төрағасы ҚМДБ-ның «Діни білім және кадр дайындау» бөлім меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев, ал комиссия мүшелері Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, «Ақтөбе» медресе-колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жексенбай Торбаев және аталған рухани білім ордасының ұстазы Бекжан Ілиясов.

Айта кетсек, талапкерлерді қабылдау 27-ші тамызға дейін жалғасын табады. Қортындысы 28 тамыз күні конкурс нәтижесі ретінде шығады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі