Ақтөбе: Медресе-колледждің шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды 1808

Ақтөбе: Медресе-колледждің шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды

24 маусым 2022 179 Оқу 1 минут

«Ақтөбе» медресе-колледжінде болашақ имам хатиб мамандығында білім алушы жастар мемлекеттік емтихан тапсырды.

Емтиханды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнаулы комиссиясы қабылдады. ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбек төрағалық өткен комиссия құрамына Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков, «Орал» медресе-колледжінің ұстазы Асылбек Наурызов, аталған рухани білім ордасындағы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жексенбай Торбаев болды.

Айта кетсек, емтиханға қатысқан 17 түлектің 7-і үздік, 4-жақсы, 6-ы қанағаттандырарлық бағаға алды. Сонымен қатар 17 шәкірттің 15-і мешіттерге қызметке жіберілді, атап айтқанда оның 13- і Ақтөбе облысына қызметке орналасады.

Емтиханнан кейін Смайыл Сейтбек оқу орнының тыныс тіршілігімен танысты.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі