«Ақтөбе» медресе-колледжі: Жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті 6590

«Ақтөбе» медресе-колледжі: Жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті

27 шілде 2026 72 Оқу 1 минут

«Ақтөбе» медресе-колледжінде 2026–2027 оқу жылына арналған талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті. 

Емтиханды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнаулы комиссиясы қабылдады. ҚМДБ-ның «Діни білім және кадр дайындау» бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов төрағалық өткен комиссия құрамында ҚМДБ «Діни білім және кадр дайындау» бөлімінің маманы Олжас Исмаилов, Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев, «Ақтөбе» медресе колледжінің директоры Ерік Сұлтанов болды.

Биылғы қабылдау емтиханына 48 талапкер қатысып, олардың арасынан 21 талапкер тамыз айында мемлекеттік грант иегері атанады.

Емтихан билеті діни және жалпы білім деңгейін анықтауға бағытталған сұрақтар мен іскерлік қабілеті, логикалық ойлауы, көшбасшылық қасиеті мен түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдау дағдысын бағалайтын ситуациялық сұрақтарды қамтыды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі