Құрбан айтта 170 балаға қуаныш сыйлады 6407

Құрбан айтта 170 балаға қуаныш сыйлады

29 мамыр 2026 58 Оқу 1 минут

Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешіті және Қандыағаш қалалық «Қадірәлі ата» мешітінде 100 ер балаға және 70 қыз балаға «Нұрын шашқан Құрбан айт» атты мерекелік думан ұйымдастырылды. 

Мерекелік бағдарламаның негізгі мақсаты – балалардың бойына Құрбан айттың мәні мен маңызын кішкентайынан сіңіру, рухани құндылықтарын насихаттау.

Шара Алланың кәләмі Құран оқумен басталып, әрі қарай кішкентай қонақтарға Құрбан айтының құрметіне тәттілер мен арнайы дайындалған сыйлықтар үлестірілді. Сонымен қатар аниматорлар шақырылып, балаларға арналған театрландырылған қойылымдар қойылып, қызықты ойындар ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға арналып мерекелік дастархан жайылды. Ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі