Шалқардың қыз-келіншектеріне семинар өткізілді 1742

Шалқардың қыз-келіншектеріне семинар өткізілді

24 мамыр 2022 126 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының қыз-келіншектеріне ҚМДБ Әйелдер-қыздар бөлімінің Шалқар ауданы бойынша жетекшісі, «Матай Қоқанұлы» аудандық мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай «Діни сауаттылық - діни қауіпсіздіктің басты кепілі» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында шариғи сауалдардың тек мешіт және арнайы діни сұрақтарға жауап беретін құзіретті мамандарға қойылу керек екенін ескертіп, әлеуметтік желіде тек сенімді ақпарат көздерінен мәлімет қарау керек екеніне жол сілтеді. Сонымен қатар шаңырақта тәрбиелеп отырған ұл-қыздарына ата-баба ұстанған шариғат жолын оқытып, діни іргетасының дұрыс қалыптасуын қадағалауға бағалы кеңестерін берді. Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, дін маманынан тұшымды жауаптар тыңдалды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі