Шалқарда Мәуліт мерекесіне орай сайыс ұйымдастырылды 6636

Шалқарда Мәуліт мерекесіне орай сайыс ұйымдастырылды

28 тамыз 2026 43 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында Мәуліт мерекесіне орай әйел жамағаты арасында «Адамзаттың асыл тәжі» атты білім сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты — ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін, көркем мінезін және сүннетін кеңінен насихаттап, жамағат арасында рухани байланысты нығайту.

Жарыс барысында қатысушылар Пайғамбарымыздың өмір тарихына қатысты білімдерін ортаға салып, өзара бақ сынады.

Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі 1 орынды Нұрманова Айдана, 2 орынды Сартаева Самал, 3 орынды Бағымова Жеңісгүл иеленді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі