Ақтөбе: «Шариғат шәлісі» атты рухани кеш өтті 1270

Ақтөбе: «Шариғат шәлісі» атты рухани кеш өтті

01 ақпан 2022 728 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде «Жастық» мейрамханасына «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен 1 ақпан – Халықаралық орамал күніне орай «Шариғат шәлісі» атты рухани кеш өтті. 

Шара барысында орамал тарихы айтылып, жаулық туралы монолог оқылып, көрініс қойылды. Орамалды насихаттау мақсатында 4 сән көрсетілімі өтті. Одан өзге викториналық ойындар ойнатылды.

Сонымен қатар «Орамалым – қорғаным» эссе байқауының жеңімпаздары жарияланып, І орынды Айгерім Есберген, ІІ орынды Махаббат Боранбаева мен Жанна Жұмабаева, ІІІ орынды Гүлназ Рахметова иеленді.

Рухани кешке өнер адамдары, ұстаздар, БАҚ өкілдері, «Әжелер» мектебінің белсенді мүшелері, Орал қаласынан келген блогерлер, психологтар мен кәсіпкерлер, әйел жамағаты қатысты.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі «Әжелер мектебінің» белсенді мүшесі Жаңылай Килибаева мен актриса Жанна Сұлтанқұлова рухани кештен алған тебіренестері туралы айтып, қыз-келіншектерді орамал мерекесімен құттықтап, БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.

Еске салсақ, игі шара дәстүрлі түрде жыл сайын ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен жалғасын тауып келеді.

Рухани кеш қортындысында кешке арнайы Нұр-Сұлтан, Атырау, Орал қаласынан келген көрермендер мен қонақтар  сөз сөйлеп, ұйымдаастырушыларға алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі