«Ерекше балаларға арналған ерекше күн» атты шара өтті 6422

«Ерекше балаларға арналған ерекше күн» атты шара өтті

02 маусым 2026 65 Оқу 1 минут

«Ислам және адал қоғам» жылына орай халықаралық балалар күніне орай Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ерекше балаларға арналған ерекше күн» атты мүмкіндігі шектеулі және ерекше балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. 

Шара барысында арнайы дастархан жайылды. Бұл мерекелік шараға 15 бала қатысты. Балаларға есте қаларлықтай көңіл күй сыйлау үшін аниматорлар шақыртылып, шара барысында қызықты ойындар ойнатылды және арнайы дайындалған сыйлықтар табысталды. Балалардың ата-аналары ризашылықтарын білдіріп, ұйымдаушыларға ақ тілектерін айтты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі