«Денсаулық – Алланың аманаты» атты спорттық шара өткізілді 2702

«Денсаулық – Алланың аманаты» атты спорттық шара өткізілді

26 мамыр 2023 460 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі , «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітімізде қоғамды салауатты өмір салтына насихаттайтын іс-шаралар қатары толықтырылды.

«Денсаулық – Алланың аманаты» деген сөзді негізге ала отырып, ұйымдастырушы ханымдар бастамасымен «Нұр Ғасыр» мешітінің жанындағы Триатлон саябағында әйел жамағатына велосипедпен серуендеу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның басты әрі негізгі мақсаты – денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтына насихаттау. Таза ауада, әсем табиғат аясында қаланың қарпалыс өмірінен бірнеше сәтке демалуға да мүмкіндік табылды. Іс-шараға жастармен қоса, ақ жаулықты асыл әжелеріміз де белсенді қатысып, қолдай түсті.

Пайғамбар ﷺ былай деп айтқанын жеткізеді: «Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол – денсаулық және бос уақыт». Қолымызда барында байлығымызды бағалай білейік!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі